Саясат

Қытайдың Гуанчжоу қаласында Қазақстанның Бас консулдығы ашылды

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясының әкімшілік орталығы — Гуанчжоу қаласында Қазақстан Республикасының Бас консулдығы ресми түрде жұмысын бастады.

Бұл туралы Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап Oimaqnews.kz хабарлайды.

Жаңадан ашылған консулдықтың қызмет көрсету аумағына Гуандун, Хунань, Хайнань және Юньнань провинциялары, сондай-ақ Гуанси-Чжуан автономиялық ауданы кіреді.

Бас консулдықтың ашылуымен Гуанчжоудағы шетелдік елдердің бас консулдықтары саны 70-ке жетті.

Соңғы жылдары Гуанчжоу мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыстар мен халықаралық алмасулар қарқынды дамып келеді. 2025 жылдың маусымында Қытайдың ірі әуе компаниясы China Southern Airlines Гуанчжоу–Алматы бағытында тікелей әуе рейсін іске қосқан. Қазіргі уақытта бұл бағыттағы рейстер жиілігі аптасына 3 реттен 5 ретке дейін артқан.