Абай облысында қар құрсауында қалған жедел жәрдемге көмек көрсетілді
Абай облысында қар құрсауында қалған жедел жәрдем бригадасына құтқарушылар уақытылы көмек көрсетті, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Oimaqnews.kz.
Ведомство мәліметінше, оқиға Бородулиха ауданына қарасты Михайличенково ауылынан шамамен 7 шақырым қашықтықта болған. Жедел жәрдем көлігі ішінде науқаспен бірге қалың қардан шыға алмай қалған.
Құтқарушылар шұғыл жетіп, жедел жәрдем бригадасына көмектескен. Науқас аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға қиын жағдайда дереу 112 нөміріне хабарласуды еске салды.