жұма, 16 қаңтар, 2026 16:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды алып қашып, зорлаған

Шымкентте кәмелетке толмаған қызды алып қашып,  зорлаған
ашық дереккөз
Шымкент қалалық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасап, істің бақылауда екенін растады.

Шымкент қаласында жасөспірім қызды еркінен тыс алып қашып, оған қатысты жыныстық сипаттағы қылмыс жасалды деген ақпарат қоғамда үлкен резонанс тудырды. Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ulysmedia-ға сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбада зардап шеккен қыз өзінің басынан өткен сұмдықты баяндаған. Оның айтуынша, өзін белгісіз тұлғалар еркінен тыс алып қашып, бейтаныс үйге жапқан. Күдіктінің туыстары бойжеткенді сол үйде қалуға көндіруге тырысып, «шағымым жоқ» деген мазмұнда қолхат жазуға мәжбүрлеген. Жәбірленуші өзінің зорланғанын және кінәлі тұлғалардың әлі де бостандықта жүргеніне наразылығын білдірді.

Шымкент қалалық Полиция департаменті бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасап, істің бақылауда екенін растады.

«Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іске қатысы бар барлық тұлғалар полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу шаралары жүргізілуде», — деп хабарлады ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары кез келген құқық бұзушылыққа, әсіресе кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстарға «нөлдік төзімділік» қағидаты қолданылатынын және кінәлілер заң алдында қатаң жауап беретінін қадап айтты.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар