Әлем

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентіне үкім шықты

Экс президентке бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.

Оңтүстік Корея соты елдің бұрынғы президенті Юн Сок Ёльді бес жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Бұл — оның әскери жағдай енгізуге бағытталған сәтсіз әрекетіне байланысты істер бойынша шығарылған алғашқы сот шешімі.

Жұма күні шыққан үкімнен бөлек, Юн Сок Ёльге қатысты тағы жеті сот ісі қаралуда. Келесі сот отырысы — бүлік ұйымдастырды деген айып бойынша — 19 ақпанға белгіленген.

Бұған дейін Оңтүстік Корея прокуратурасы экс-президентті бүлік ұйымдастырды деп айыптап, оған өлім жазасын тағайындауды сұраған болатын.

Еске салайық, Оңтүстік Корея президенті қызметін атқарған Юн Сок Ёль 2025 жылғы 15 қаңтарда сыбайлас жемқорлық ісі бойынша қамауға алынған еді. Бұл — мемлекет басқарып отырған тұлғаны тергеу органдарының тұтқындауы бұрын-соңды болмаған жағдай ретінде бағаланды.

Кейін, 18 қаңтарда, президент қамауға алынып, бұл оның жақтастарының наразылығын тудырды. Олар елде тәртіпсіздіктер ұйымдастырды. Сол жылдың 15 шілдесінде Юн Сок Ёльдің қайтадан қамауға алынғаны белгілі болды, себебі сот оның айғақтарды жоюы мүмкін деген қауіп бар деп санаған.

Ал 13 тамызда Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентінің жұбайы Ким Кеон Хи сыбайлас жемқорлыққа және 2022 және 2024 жылдардағы парламенттік әрі жалпыұлттық сайлауларға араласқаны үшін қамауға алынды. Ол BMW-дің Оңтүстік Кореядағы дилері — Deutsch Motors қатысқан акция бағаларын манипуляциялау схемасына тікелей қатысқан. Осы жылдар ішінде Ким іскерлік қызметтер көрсеткені үшін паралар мен «қымбат сыйлықтар» алып отырғаны айтылды.