жұма, 16 қаңтар, 2026 12:57

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Tinder қосымшасындағы "Нұрай": алаяқтық жасаған азаматқа сот үкімі шықты

Tinder қосымшасындағы "Нұрай": алаяқтық жасаған азаматқа сот үкімі шықты
Фото: gov.kz
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады.

Астанада интернет арқылы алаяқтық жасаған 20 жастағы қала тұрғынына қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.

Тергеу деректеріне сәйкес, айыпталушы танысуға арналған Tinder қосымшасында әйел адамның атымен «Нұрай» деген жалған аккаунт ашып, онда өзінің Telegram парақшасына сілтеме қалдырған. Кейін мессенджерде бейтаныс қыздың суретін пайдаланып, жалған парақша арқылы жәбірленушімен байланыс орнатқан.

Күдікті жәбірленушімен хат алмасып, кездесуге уәде берген. Сенімге кірген соң әртүрлі сылтауларды алға тартып, одан бірнеше рет ақша сұраған. Нәтижесінде жәбірленуші үш айға жетпейтін уақыт ішінде 4 млн теңгеден астам қаражатын аударған.

Сот айыпталушыны ақпараттық жүйе пайдаланушысына қатысты ірі көлемде жасалған алаяқтық үшін кінәлі деп таныды. Жаза тағайындау кезінде оның жасаған ісіне шын өкінуі, келтірілген залалды өз еркімен өтеуі және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілген.

Сот шешімімен айыпталушыға 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Бас прокуратура интернеттегі таныстық кезінде сақ болуға, виртуалды «таныстарға» сеніп, қаржылай тәуекелге бармауға шақырды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар