жұма, 16 қаңтар, 2026 14:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Астана қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Фото: gov.kz
Астана қаласында 17 және 18 қаңтар күндері қалалық ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Елорда әкімдігі сілтеме жасап.

Қала тұрғындары ет, көкөніс, жеміс-жидек және сүт өнімдерін қолайлы бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңке сағат 10:00–19:00 аралығында Keryen Joly аумағында (Алаш тасжолы, 35б) жұмыс істейді.

Өз өнімдерін Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілер ұсынады.

«Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидекті, ет, ұннан жасалған және сүт өнімдерін, түрлі тағамдар мен нан-тоқаш өнімдерін, табиғи шырындар, тосап, джем және тағы басқа өнімдерді тиімді бағамен сатып ала алады», – делінген хабарламада.

Жәрмеңке өтетін жерге №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 81, 307 және 317 автобус бағыттары барады.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар