Руханият

Ұлттық кітапханада балалар кітаптары таныстырылды

Панельдік сессияға ақын-жазушылар, жас қаламгерлер және кітапхана оқырмандары қатысты.

Ұлттық кітапханада Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы жанындағы Балалар мен жасөспірімдер әдебиеті жанрлық кеңесінің «Балалар әдебиеті: Креативті индустрия, имидж, бренд» атты панельдік сессиясы өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz.

Панельдік сессияға ақын-жазушылар, жас қаламгерлер және кітапхана оқырмандары қатысты.

Іс-шара барысында «Балалар кітапханасы» және «Балалар әдебиетінің бағбандары» топтамасымен жарық көрген қазақ жазушыларының кітаптары таныстырылды.

Сондай-ақ қатысушылар қазіргі балалар әдебиетінің даму бағытын және оның мәдениет индустриясымен сабақтастығын талқылады.