сәрсенбі, 14 қаңтар, 2026 18:33

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаны халықаралық іздеуге жариялады

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаны халықаралық іздеуге жариялады
instagram.com/qais_arr
Оның құны 182 мың АҚШ долларынан асатын криптовалюта түріндегі активтеріне шектеу қойылды.

Қаржылық мониторинг агенттігі блогер Қайсар Қамзаны халықаралық іздеуге жариялады. Сонымен қатар оның құны 182 мың АҚШ долларынан асатын криптовалюта түріндегі активтеріне шектеу қойылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Агенттік мәліметінше, ол заңсыз құмар ойын бизнесіне жәрдемдесті деген күдікке ілінген. Тергеу деректеріне сәйкес, блогер Instagram желісінде qais_arr лақап атымен, сондай-ақ «Қора энтертейнмент» атты жабық Telegram арнасының әкімшісі ретінде құмар ойын платформасына сілтемелер жариялап, пайдаланушыларды тіркелуге және ойынға қатысуға үндеп отырған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, ол бейнематериалдардың астына жеке промокод қалдырып, ойыншыларға түрлі бонус алуға мүмкіндік берген. Осы арқылы азаматтарды азарт ойындарға тартқан және платформа тарапынан сыйақы, бонус немесе пайыздық табыс алып отырған.

Тергеу барысында заңсыз жолмен түскен кірісті жасыру үшін криптовалюта әмияндары пайдаланылғаны анықталды. Аталған әмияндарға онлайн-казиноны ұйымдастырушылардан қаржы аударымдары түскен.

Қазіргі таңда қылмыстық іс аясында тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар