Жоғалған отбасы: күйеу баласы мен қызы Балиден емес, басқа да мемлекеттерден іздестіріліп жатыр
Бұған дейін полиция мәйіттері табылған ерлі-зайыптылардың денесінде пышақ іздері болғанын мәлімдеген болатын.
Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасының жоғалып кеткені жайлы ақпарат жұрттың жағасын ұстатқан еді. 6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Ал күйеу баласы мен қызына іздеу салынды. Полиция бүгін олардың тек Балиде емес, басқа да мемлекеттерде іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Айта кетейік, марқұмдардың мәйіті табылған соң, олардың қызы мен күйеу баласы іздестіріліп жатыр. Күйеу баласына ресми түрде «күдікті» ретінде іздеу салынды.
Еске сала кетсек, бұған дейін полиция мәйіттері табылған ерлі-зайыптылардың денесінде пышақ іздері болғанын мәлімдеген болатын.