сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 11:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жоғалған отбасы: күйеу баласы мен қызы Балиден емес, басқа да мемлекеттерден іздестіріліп жатыр

Жоғалған отбасы: күйеу баласы мен қызы Балиден емес, басқа да мемлекеттерден іздестіріліп жатыр
ІІМ баспасөзі
Бұған дейін полиция мәйіттері табылған ерлі-зайыптылардың денесінде пышақ іздері болғанын мәлімдеген болатын.

Атырау облысы Жангелдин ауылындағы бір отбасының жоғалып кеткені жайлы ақпарат жұрттың жағасын ұстатқан еді. 6 қаңтарда ерлі-зайыптының мәйіті табылды. Ал күйеу баласы мен қызына іздеу салынды. Полиция бүгін олардың тек Балиде емес, басқа да мемлекеттерде іздестіріліп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Айта кетейік, марқұмдардың мәйіті табылған соң, олардың қызы мен күйеу баласы іздестіріліп жатыр. Күйеу баласына ресми түрде «күдікті» ретінде іздеу салынды.

«Олар табылғанда ең бірінші жәбірленуші тарапқа, сосын барлық БАҚ өкілдеріне хабарланатын болады. Басқа елдерді ресми айтқан жоқ. Басқа елдердің тізімі бар. Біздің департаментіміздің орынбасары да айтқан болатын. Олардың жеке телефондарының SIM-карталары Қазақстанның әрбір жерінде қосылған. Біз тергеу амалдарына кедергі болмау үшін басқа ақпараттарды жариялай алмаймыз», — деді Атырау облыстыш полиция департаментінің өкілі Мейірім Ердәулет. 

Сонымен қатар ол «қыздың мәйіті табылды» деген ақпаратты жоққа шығарды. 
«Халық арасында олардың отбасындағы қыз баланың мүрдесінің әрбір жерден табылғаны туралы ақпарат тарады. Мұның бәрі жалған», — деді Мейірім Ердәулет.

Еске сала кетсек, бұған дейін полиция мәйіттері табылған ерлі-зайыптылардың денесінде пышақ іздері болғанын мәлімдеген болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар