сейсенбі, 13 қаңтар, 2026 11:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мереке күні пәтер тонаған үш адам ұсталды

Мереке күні пәтер тонаған  үш адам ұсталды
Polisia.kz
Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты.

Алматыда жаңа жыл түні жасалған пәтер ұрлығы әшкереленді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, қаланың Әуезов ауданында үш ер адам пәтер иелерінің жоқтығын пайдаланып, тұрғын үйге заңсыз кірген. Күдіктілер цифрлық және шағын тұрмыстық техниканы, алтын зергерлік бұйымдарды, сондай-ақ ақшалай қаражатты қолды еткен. Келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 3 миллион теңгеден асты.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті үш азаматтың жеке басы анықталып, барлығы ұсталды. Арнайы операцияны Алматы қалалық полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Әуезов аудандық полиция басқармасымен және арнайы мақсаттағы бөлімшемен бірлесіп жүргізді.

Тергеу барысында ұсталғандардың екеуі бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлау деректері бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сондай-ақ олардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

— Күдіктілер мерекелік түні пәтер иелері үйде болмайды деп үміттенген. Алайда олардың заңсыз әрекеттері дер кезінде әшкереленді. Қазіргі уақытта қылмыстық әрекеттерінің басқа да эпизодтарын анықтау жұмыстары жалғасуда, — деді Алматы қалалық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар