12 қаңтар – мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні
- авторОймақ
- Бүгін, 10:50
- 19
Қонаев Дінмұхамед Ахметұлы (1912-1993) – аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымының докторы, ССРО, шетел ордендері мен медальдарының иегері.
Дінмұхамед Қонаев - ССРО да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ.
Ол ССРО-ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
Отбасында 11 баланың 4-іншісі.
Бойы - 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.
Хоббиі: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.
Қонаевтың жеке күзетшілері болмаған.
Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде, Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген. Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 кв.м
Кезінде Леонид Брежнев (ССРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаевтың үйіне қонаққа келеді. Пәтерін аралап аралап: "Бар дүниең осы ма?"- деп таңданады.
Qamshy kz
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.




