Қоғам

10 тілде сөйлейтін полиглот Қазақстанда тұрады

Әсел орыс, француз, ағылшын, қытай тілдерін әуелі өз бетінше интернеттен ізденіп, үйренген.

Кішкентайынан әлем тілдерін меңгеруге қызығушылық танытқан Әсел орыс, француз, ағылшын, қытай тілдерін әуелі өз бетінше интернеттен ізденіп, үйренген, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

11-сынып оқушысы Әсел Абдурахимова 10 тілде еркін сөйлейді. Кейін арнайы тіл курстарына қатысып, испан, өзбек, итальян және жапон тілдерін меңгереді. Әлем елдерінің мәдениеті мен тіліне қызыққан Әсел бірінші сыныпта әлем елдерінің астаналарын жатқа айтатын болды, үшінші сыныптан бастап француз тілін үйрене бастайды.

Бүгінде Әсел тәжік (ана тілі), өзбек (C1), қазақ (C1), орыс (C1), ағылшын (C2), француз (C1), қытай (B1), испан (A2), итальян (A2) және жапон (N4) тілдерінде еркін сөйлейді. Қытай тілі бойынша халықаралық HSK 3 деңгейі (B1) емтиханын тапсыруға дайындалып жүр.