дүйсенбі, 12 қаңтар, 2026 11:04

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Баспана бағасы тағы өсті

Баспана бағасы тағы өсті
shutterstock
Тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 10 пайызға қымбаттаған.

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жаңа тұрғын үйлердің бағасы орта есеппен 10 пайызға өсті. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімет таратты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Статистикаға сәйкес, бағаның ең жоғары өсімі Павлодар облысында тіркелген. Өңірде жаңа тұрғын үй құны бір жылда 22,2 пайызға артқан. Сондай-ақ Шымкент қаласында баға 13,3 пайызға, Алматыда 12,6 пайызға өсті. Жетісу облысында өсім 11,3 пайызды, Қызылорда облысында 10,4 пайызды құрады.

Ал жаңа баспана бағасының ең төмен өсімі Абай облысында байқалды – 1,5 пайыз. Шығыс Қазақстан облысында баға 1,9 пайызға, Түркістан облысында 2,5 пайызға, Солтүстік Қазақстан облысында 2,6 пайызға және Қарағанды облысында 3,3 пайызға ғана қымбаттаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар