Руханият

Алматыда 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ашылды.

2026 жылғы 10 қаңтарда басталған халықаралық білім додасына бірқатар елден келген дарынды оқушылар қатысуда, деп хабарлайды Oimaqnews.kz

Алматы қаласында 22-ші Халықаралық Жәутіков олимпиадасы салтанатты түрде ашылды.
2026 жылғы 10 қаңтарда басталған халықаралық білім додасына Қазақстанның барлық өңірінен және шетелден келген дарынды оқушылар қатысуда. Олимпиада қатысушылары математика, физика және информатика пәндері бойынша өз білімдерін сынайды.

Іс-шара 15 қаңтарға дейін жалғасып, қатысушыларға халықаралық тәжірибе алмасу, дарынды жастарды анықтау және қолдау, сондай-ақ білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді. Аталған олимпиада еліміздің ғылыми және білім саласындағы беделін арттыруға, сондай-ақ болашақ таланттарды анықтауға бағытталған маңызды платформа болып отыр.