Қарағандыда онлайн танысқан 19 жастағы жігіт алаяқтардың құрбаны болды
Қарағандыда интернет арқылы қызбен таныспақ болған 19 жастағы жігіт алаяқтыққа тап болып, ақшасынан айырылды.
Оқиға туралы ақпаратты Қарағанды облыстық Полиция департаменті растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz порталы Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, жас жігіт танысу платформасында қызбен сөйлесіп, онымен кездесуге келіскен. Алайда белгіленген жерге барған кезде бейтаныс адамдар оны алдап, ақшасын тартып алған.
Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, күдіктілерді ұстаған. Олар – 20 және 22 жастағы жергілікті тұрғындар екені анықталды.
Осы жағдайға байланысты Ішкі істер органдары азаматтарды онлайн танысу кезінде сақ болуға шақырады.
Полиция интернеттегі танысу қызметтерін пайдалану кезінде жеке деректерді бөліспеуге және күмән тудыратын ұсыныстардан бас тартуға кеңес береді.