жексенбі, 11 қаңтар, 2026 20:03

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Орамалсыз ой": Айдана Меденованың жаңа видеосы желіде талқылануда

"Орамалсыз ой": Айдана Меденованың жаңа видеосы желіде талқылануда
Инстаграм
KeshYou тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова Instagram-дағы парақшасында орамалсыз түскен видео жариялады, деп жазады Oimaqnews.kz

Белгілі «КешYOU» тобының экс-әншісі Айдана Меденова күні кеше әлеуметтік желіде орамалсыз видео жариялады. Бейнематериалда әнші гитараның сүйемелдеуімен «Өйткені өмір» әнін орындап, өз сезімін астарлы түрде жеткізгендей әсер қалдырды. Бұл видео желі қолданушылары арасында қызу талқы тудырды. Пікірлер екіге бөлінді: өнерін сүйетін қауым оны әншілікке "қайта оралғаны үшін" құттықтап жатса, енді бірі орамал тақырыбын ойыншыққа айналдырды деп сынға алды.Әзірге әншінің өзі ешқандай мәлімдеме жасап, көпшілік алдына шықпады.

 

"Бәріне не болған орамалдарын шешіп?", "Әйел адамның имандылығы бір орамалмен емес ,жүрек тазалығымен ,жан- дүниесі таза болса.Аллаға деген ниеті түзу болса болды", "Айдана қызым,өте қуаныштымын, өнеріңді тастама, ең бастысы өзіңнің жүрегіңді тыңда, ешкімнің хақы жоқ саған қалай өмір сүруді үйретуге, ол сенің өмірің. Ақылыңнан айналдым, еш уақытта артыңнан жаман сөз ерген емес, жүрегің таза ең бастысы, біз тілекшіміз. Сені өнердің биігінде көргіміз келеді! Ақ жол", "Өзіңізбен болуды емес, басқалардың ойымен болуды таңдағаныңыз өте өкінішті", "Сіз орамал да жүрген кезде қызығушы едім мен де орамал ға қашан келер екенмін деп , басыңыздағы тәжіңізді босқа шештіңіз негізі Алланың берген үлкен сыйы еді", "Таңқалатын түк жоқ соған келе жатты го. Алла өз орамалымыздан айырмасын", - делінген хабарламада.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар