жексенбі, 11 қаңтар, 2026 17:09

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Уилл Смитке қазақ блогері шапан жапты

Уилл Смитке қазақ блогері шапан жапты
@bydastann Instagram парақшасы
Дубайда өткен ірі медиа-шарада әлемге танымал америкалық актер Уилл Смитке қазақтың ұлттық киімі шапан кигізді, деп хабарлайды Oimaqnes.kz.

Бұл ерекше сәтті Қазақстаннан келген тревел-блогер Дастан Мұхамедрақым ұйымдастырды. Блогер Instagram-да (@bydastann) аудиторияға жоспарымен бөлісіп, ұлттық киімді актерге сыйлауды көздегенін алдын ала айтқан болатын.

Іс-шара Instagram платформасы аясында өтсе де, оған әлемнің түкпір-түкірімен танылған блогерлер мен танымал тұлғалар қатысты. Дастан Уилл Смиттің сахнаға шығуын күтіп, дайындалған шапанды қолымен актёрге ұсынып, ол оны қуана киіп көрді. Бұл сәтте блогер шапанды бірінші болып актердың иығына жауып, арнайы суретке түсіп үлгерді.

Дастан Мұхамедрақым Қазақстанның табиғатын көрсететін видеоларымен танымал және оның Instagram-дағы парақшасында 1,3 миллионнан астам адам жазылған. Оның роликтері елдің кең-байтақ дала, таулы жерлер мен сирек туристік бағыттарға арналған табиғи көріністерін көрсетеді, шетелдік көрермендер де бұл бейнелер арқылы Қазақстанды жоғары бағалай бастаған.

Бұл оқиға ұлттық мәдениетті әлемге танытуға бағытталған ерекше сәт ретінде есте қалды және әлеуметтік желілерде көпшіліктің назарын аударды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар