жексенбі, 11 қаңтар, 2026 2:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Қабырғалары, мұрны сынғаны анықталған": әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамға қатысты сот басталды

"Қабырғалары, мұрны сынғаны анықталған": әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамға қатысты сот басталды
фото скрин
Көп ұзамай күдікті  әйелімен бірге қамауға алынды.

Түркістан облысында әкесін аяусыз соққыға жыққан ер адамға қатысты сот басталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

41 жастағы Алмас Садақбаевқа дәрменсіз күйде болған қарт әкесін "азаптады", сондай-ақ "денсаулығына қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірді" деген айып тағылып отыр.

Сотта Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар да  куәлік берді. Ол видеоны айыпталушының әкесі қайтыс болғаннан кейін ғана көргенін айтты. Әкім оны әңгімеге шақырып, кездесуге учаскелік полиция қызметкерін де шақырған. Алайда Садақбаев әкесіне қорлық көрсеткенін жоққа шығарыпты.

"Эксгумация кезінде мұрын, дене жарақаттары, атап айтқанда, қабырғалары, мұрны сынғаны анықталған. Сараптамаға сәйкес, өлім себебі нақты анықталмады. Себебі өліктің шіріп кетуіне, яғни мерзімі өткеніне байланысты", – деді прокурор Нұрмахан Елшібаев.

Еске салайық, өткен жылдың қыркүйегінде Түркістан облысында ер адамның әкесін аяусыз қорлап, балағаттап, ұрып-соққан видеосы тараған еді. Көп ұзамай күдікті  әйелімен бірге қамауға алынды.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар