жұма, 9 қаңтар, 2026 16:59

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Атыраудағы ерлі-зайыптының қазасына 29 жастағы жігіт күдікті ретінде іздестіріліп жатыр

Атыраудағы ерлі-зайыптының қазасына 29 жастағы жігіт күдікті ретінде іздестіріліп жатыр
Коллаж SMARTNEWS.KZ
Атырау облысының полиция департаменті осылай деп мәлімдеді.

Атырау облысының Жангелді ауылында ерлі-зайыптының қаза болуына байланысты 29 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны күдікті ретінде іздеуге алынды. Атырау облысының полиция департаменті осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz тілшісі Kazinform-ге сілтеме жасап.

Полиция аталған қылмысқа басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін деген нұсқаны да тексеріп жатыр.

25 желтоқсан күні Атырау қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, бауыры мен оның отбасы бір айдан астам уақыт бойы хабарсыз кеткенін мәлімдеген. Кейіннен отбасы мүшелерінің мәйіттері шаруашылық құрылыстан табылған. Марқұмдарды жерлеу рәсімі бейсенбі күні өтті. Бұған дейін полиция тағы екі отбасы мүшесін іздестіру жалғасып жатқанын хабарлаған болатын.

Тергеу барысында қаза тапқан зейнет жасындағы ерлі-зайыптылардың қызы мен күйеу баласы алдымен Өзбекстанға, кейін басқа мемлекетке кеткені анықталған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар