Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қарасты «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қала тұрғындарын ересектерге арналған тегін қазақ тілі курсына қатысуға шақырады, деп хабарлады Elordainfo.kz порталына сілтеме жасап Oimaqnews.kz.
Қазақ тілін меңгеруге ниетті астаналықтар үшін арнайы ұйымдастырылған курсқа өтініштер 2026 жылғы 8-23 қаңтар аралығында қабылданады.
Сабақтар 2026 жылдың 2 ақпанында басталады.
Курс офлайн және онлайн форматта өткізіледі. Оқу ұзақтығы – 4 ай, сабақтар аптасына 3 рет өтеді. Оқу бағдарламасын толық аяқтаған қатысушыларға сертификат табысталады.
Курсқа тіркелу мекенжайы: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 9-үй, 209-кабинет.
Байланыс телефондары:
Жұмыс телефоны: +7 (7172) 24-90-52;
Ұялы телефон: +7 747 248 82 20.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






