Астанада мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табыс етілді
- авторОймақ
- 4 қаңтар, 2026
- 60
Астана қаласында мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны табыстау рәсімі өтті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Стипендияны Мемлекет басшысының атынан Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева табыс етті.
Әдебиет пен өнер саласындағы Президенттік стипендия отандық мәдениетті дамытуға елеулі үлес қосқан тұлғаларға беріледі. Мемлекеттік стипендия тағайындалғаннан бері Қазақстан руханияты мен өнеріне еңбегі сіңген азаматтар марапатталды.
Биыл 75 адам мемлекеттік қолдауға ие болды.
Стипендиаттар қатарында танымал мәдениет майталмандары да, болашағынан үміт күттіретін дарынды жастар да бар.
Жыл сайын тағайындалатын бұл стипендия – мемлекеттің мәдениет және өнер қайраткерлеріне, шығармашылық қызметкерлеріне және жас дарындарға қолдауы мен қамқорлығының айғағы. Сондай-ақ олардың ұлт мәдениетін өркендетіп, әлемге танытуға қосқан елеулі үлесіне көрсетілген құрмет.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






