Мемлекет басшысы Бибісара Асаубаеваны құттықтады
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бибісара Асаубаеваны шахматтың блиц түрінен әлем чемпионатындағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Айта кетейік, әлем чемпионаты Қатар астанасы Доха қаласында өтті. Әйелдер арасындағы сында 21 жастағы Бибісара Асаубаева блицтен әлем чемпионы атанды.
Ол турнирде 15 турдың қорытындысы бойынша бірінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда қытайлық Чжу Цзиньэр-ді қатарынан үш партияда жеңіп, финалға шықты.
Финалда Бибісара Асаубаева украиналық Анна Музычукпен кездесті. Алғашқы үш партия тең нәтижемен аяқталды. Шешуші төртінші партияда қазақстандық шахматшы қарсыласынан басым түсіп, әлем чемпионы атанды.