Қоғам

Стендапер Саясат Аяпберген Әлия Әлібекованы зорламақ болған

Оқиға Алматыдағы Punch стендап-клубында болған.

Оқиға Алматыдағы Punch стендап-клубында болған. Бұл жайлы мәлімдеген Әлия Әлібекованың айтуынша, ол сол кеште жұмысындағы жаңа жылдық кештен кейін осы клубқа барған. Сол жерде оны Саясат Аяпберген зорламақ болған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ол болған жайтты іс-шара ұйымдастырушыларына жеткізген. Алайда, Әлияның сөзінше, олар бұл жағдайға тиісті деңгейде назар аудармаған. Ал Саясат Аяпберген Әлия өзі соған итермеледі деген уәж айтқан.

Оқиға қоғамға жария болғаннан кейін Әлия Саясаттың өзіне хабарласқанын айтты. 

Оның сөзінше, ер адам онымен және күйеуімен сөйлескісі келетінін жеткізген.

28 желтоқсанда Әлия Алматы қаласының полициясына зорлауға оқталу дерегі бойынша ресми арыз түсірген.

«Енді істің қалай өрбитінін күтеміз. Бұған дейін бұл туралы айтуға қатты ұялдым. Ал ашық айтып шыққан соң, ең болмағанда бұл қылмыс ретінде тіркелсін деп шештім», – деді ол.

Саясат Аяпберген әзірге ресми мәлімдеме жасамады.