Нұрлан Санжардың қоштасу рәсімі қашан және қайда өтетіні белгілі болды
Марқұммен қоштасу рәсімі Қазақстан Жазушылар одағында өтеді.
Белгілі жазушы, сценарист, Қазақстан халқының еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Санжарұлы Сегізбаевты жерлеу 28 желтоқсан күні сағат 10:00-де болады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Марқұммен қоштасу рәсімі Қазақстан Жазушылар одағында өтеді.
Нақты мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 105.
Қазақтың Қожасының денесі “Кеңсай-1” зиратында жер қойнына тапсырылады.
Бұған дейін қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан киносценарист, жазушы, философия ғылымдарының кандидаты Нұрлан Санжарұлының 76 жасқа қараған шағында өмірден өткені туралы хабарлаған едік.