«Қазавиақұтқару» тікұшағы жүкті әйелге көмек көрсетті
«Өскемен–Самар–Өскемен» бағыты бойынша санитарлық рейс жасады.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Қазавиақұтқару» тікұшағы жүкті әйелге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін «Өскемен–Самар–Өскемен» бағыты бойынша санитарлық рейс жасады, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Санавиация құрамында тікұшақ ұшқыштары Руслан Ағламбеков пен Леонид Калеканов, сондай-ақ қажетті медициналық көмекті көрсеткен дәрігерлер Марат Куксегенов, Татьяна Сергеева және Рим Меңдібаева болды.
ТЖМ ұшқыштары мен медицина қызметкерлерінің үйлесімді және жедел әрекетінің нәтижесінде жүкті әйел Өскемен қаласындағы медициналық мекемеге аман-есен жеткізілді.