Президенттің ресми сапары кезінде жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын құжатқа қол қойылды
- авторОймақ
- 20 желтоқсан, 2025
- 31
Президенттің ресми сапары нәтижесінде жалпы құны 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Бұл жайлы ҚР Президентінің көмекшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
Президенттің барлық шетелдік сапары ел экономикасына айтарлықтай серпін береді. Сапарлар барысында миллиардтаған долларға бағаланған шетелдік инвестиция тарту жөніндегі келісімдерге қол жеткізіліп, тиісті шешімдер қабылданады.
Сол арқылы тауар айналымы мен экспорт ұлғая түседі. Бұл, әсіресе отандық өндірушілер үшін ерекше маңызды. Сондай-ақ сапарлар аясында стратегиялық мәнге ие нысандар ашылып, он мыңдаған жұмыс орны пайда болады, іскерлік байланыстар нығая түседі.
Визасыз режимдегі елдердің қатары көбейіп, Қазақстан азаматтарына тиімді жаңа әуе рейстері іске қосылады, – деді Р.Желдібай
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Президент «Орталық Азия – Жапония» диалогының бірінші саммитінде сөз сөйледі
- авторОймақ
- 20 желтоқсан, 2025





