Қоғам

Бейтаныс адамның сәлемдемесін тасымалдаудан бас тартыңыз

Құқық қорғау органдары ескерту жасады.

Құқық қорғау органдары азаматтарды бейтаныс адамдардың сөмкесі мен сәлемдемесін тасымалдаудан бас тартуға үндеді. Полицейлердің айтуынша, мұндай заттардың ішінде заңсыз қару-жарақ, есірткі немесе басқа да тыйым салынған бұйымдар болуы мүмкін, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігі мұндай жағдайда қылмысқа қатысы бар деген айып тағылуы мүмкін екенін ескертті.

Полиция өкілдері сонымен бірге күмән тудырған кез келген өтінішке сақ болу керегін айтты.

Қауіп барын сезсеңіз немесе қысым көрсетілсе, дереу "102" нөміріне хабарласу керек.