сенбі, 20 желтоқсан, 2025 1:36

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қосшы қаласында оқушылар автобусы отқа оранды

Қосшы қаласында оқушылар автобусы отқа оранды
Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков
Астана маңындағы Қосшы қаласында оқушылар автобусы отқа оранды.

Абырой болғанда, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Балалар көлігі қаладағы мемлекеттік мектепке тиесілі. Төтеншеліктер тілсіз жауды тез арада сөндірген.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған көрінеді.

"18 желтоқсан таңертең сағат 8:04 шамасында Қосшы қаласының мектептерінің бірінің аумағында тұрақта тұрған автобустардың бірі жанғаны туралы хабарлама келіп түсті. Өрт орнына дереу 35-мамандандарылған өрт сөндіру бөлімінің 13 жеке құрамы және 2 бірлік техникасы жөнелтілді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт қысқа уақыт ішінде жойылды. Зардап шеккендер жоқ", – деді Қосшы қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Шахмардан Әзірбаев.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар