Саясат
Президент Токиода кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті
- авторОймақ
- 19 желтоқсан, 2025
- 41
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Токиода кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті.
Сонымен қатар бүгін Император Нарухитомен кездесуде балуанның жетістіктері туралы әңгіме қозғалғанын айтты.
Қазақстандық спортшының лақап аты – Кимбозан. Бұл – атақты бапкер әрі төл сумо мектебінің негізін қалаушы, ояката Кисенің туған жері Кумамото префектурасындағы таудың атауы.
Автор
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
Саясат
Мемлекет басшысы энергетика саласын дамытуға үлес қосқан бір топ азаматты марапаттады
- авторОймақ
- 17 желтоқсан, 2025





