Көлікті Мемлекеттік Тумен безендірген жүргізушілерге жауапкершілік қарастырылмаған
Олар жол жүру ережесін бұзған жағдайда ғана жауапты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесіне орай бірқатар жүргізуші көліктерін Мемлекеттік Тумен безендіріп, жолға шығып, өздерінің азаматтық ұстанымы мен патриоттық сезімдерін көрсетті. Осы мәселеге қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz.сайтына сілтеме жасап.
Мысалы, 16 желтоқсанда Шымкент және Алматы қалаларында полиция қызметкерлері көліктерге ту ілген, алайда жол ережелерін бұзған бірнеше көлікті тоқтатты. Тексеру нәтижесінде жүргізушілер көлікті басқару құқығынсыз жүргізгені, апаттық жағдай туғызғаны және көлікті заңсыз жабдықтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл шаралардың Мемлекеттік Туды пайдалануға қатысы жоқ.