Шымкентте алаяқтық жасаған келіншекке қатысты қылмыстық іс қаралды
- авторОймақ
- Бүгін, 16:43
- 24
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында күдікті келіншекке қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ол 2025 жылдың қаңтар айында Instagram әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасы арқылы «инвесторлар ақшалай қаражат берген жағдайда, тендер арқылы ақшалай қаражатты көбейтіп беретіндігі туралы жалған ақпараттарды жарнамалап, алайда ол ақшаны құмар ойындарға жұмсаған.
Жәбірленушілерге 35 419 000 теңге көлемінде мүліктік залал келтірген.
Сот, айыпталушыны ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4) тармағымен кінәлі деп танып, оған 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Рақымшылық заңды қолдану арқылы түпкілікті жазаның мерзімі үштен бір бөлігіне қысқартылып, түпкілікті 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, 14 жасқа толмаған төрт баласының болуына байланысты жазасын өтеуі 5 жыл мерзімге қалдырылды.
Іс бойынша талап арыздар толығымен қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





