сейсенбі, 16 желтоқсан, 2025 3:54

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Павлодарлық әже алаяқтың арбауына түсіп қалды

Павлодарлық әже алаяқтың арбауына түсіп қалды
фото: ашық дереккөз
Ол 2 миллион теңгесін жоғалтқан.

Павлодар қаласының 72 жастағы тұрғыны өзін дәрігерлер мен тергеушілер ретінде таныстырған алаяқтардың арбауына түсіп, 2 миллион теңгесін жоғалтты, деп хабарлайды Qaz365.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Оқиға Ресей нөмірінен келген телефон қоңырауынан басталған. Белгісіз адам өзін дәрігермін деп таныстырып, әйелге басқа емханада вакцина алу қажет екенін айтқан. Сенгіш зейнеткер телефонға келген СМС-хабарламадағы кодты айтып берген, сол арқылы алаяқтар оның банк шотына қол жеткізген.

Бірнеше сағаттан кейін оған өзін «тергеуші Эдуард» және «қаржы жөніндегі маман Виктор» деп таныстырған адамдар хабарласып, шотына мемлекет тарапынан қате ақша түскенін айтып, оны қайтаруды сұраған.

«Алаяқтардың айтқандарын орындаған әйел банк шотынан 2 миллион теңге шешіп алып, оны шетелдік есепшотқа аударған. Тек ақша аударылғаннан кейін ғана ол алданғанын түсінген. Қылмыскерлер ізін жасыру үшін барлық хабарламалар мен қоңырауларды өшіруді талап еткен», – деп хабарлады Павлодар қалалық полициясы.

Қазір аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде.

Құқық қорғау органдары азаматтарды бейтаныс адамдардың қоңырауларына сенбеуге, СМС арқылы келген кодтарды ешкімге бермеуге шақырады.

«Алаяқтар өздерін мемлекеттік қызметкер, дәрігер не тергеуші ретінде таныстырып, заңды әрекет етіп жатқандай әсер қалдырады. Сондықтан кез келген күмәнді ақпаратты тек ресми дереккөздерден тексеріңіз», – деп ескертті полиция өкілдері.

Осындай жағдайға тап болғандар 102 нөміріне хабарласуы қажет.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар