"Наурыз" бағдарламасына 9 мың адам тізімге енді
Қатысушылардың басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар.
Отбасы банк «Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушыларды іріктеу қорытындысын жариялады. 25 мыңнан астам өтініштің ішінен 9 мың азамат таңдалып, әрбір үшінші өтініш беруші тізімге енді. Қатысушылардың басым бөлігі – 35 жасқа дейінгі жастар. Ең көп өтініш Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан түскен, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Іріктеуден өткен азаматтар 2026 жылдың 13 қаңтарына дейін Отбасы банкке онлайн түрде кредиттік өтініш тапсыруы керек. Өтініш мақұлданғаннан кейін баспана таңдау және сатып алу үшін алты ай уақыт беріледі.
Банк өкілдерінің айтуынша, өтініш берушілерді таңдауда басты рөлді олардың жинақ мәдениеті атқарған.
Бағдарлама іске қосылған алғашқы сағаттардың өзінде 2 мыңнан астам өтініш беріліп, жоғары сұраныс қалыптасты.
Енді негізгі сын – несиені рәсімдеу кезеңі. Қатысушылардың банк тексерісінен өтуі, әрі белгіленген мерзім ішінде баспана таба алуы шешуші болмақ.