Мемлекеттік қызметші төбелеске қатысқаны үшін қызметтік тексеріс жүргізілді
- авторОймақ
- Бүгін, 22:51
- 14
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі барлық өңірдегі мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен өткен оқиғаларға, оның ішінде жағымсыз жағынан көрініс тапқан әрекеттер мен БАҚ-тағы сыни материалдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті жуырда әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған, мемлекеттік қызметшінің қатысуымен болған төбелес оқиғасына байланысты тиісті қызметтік тексеріс жүргізді.
Нәтижесінде, 5 желтоқсан күні Агенттіктің Түркістан облысы бойынша Әдеп жөніндегі кеңесі тиісті шешім қабылдады. Кеңес шешімімен Түркістан облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы С.Жалықұлға қатысты қызметтік әдеп нормаларын бұзғаны үшін «атқарып отырған лауазымынан босату» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.
Әдеп жөніндегі кеңес С.Жалықұл тарапынан орын алған тұрпайы, қоғамға жат мінез-құлықты, сондай-ақ мемлекеттік органның беделін түсіретін әрекет жасау арқылы жалпыға ортақ моральдық-этикалық нормаларды бұзу фактісін анықтады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Әскери қызметші мен ұлы өрттен қаза тапты
Ұқсас жаңалықтар
Жамбыл облысында өгей балаларын азаптаған әкенің ісі бойынша үкім шықты
- авторОймақ
- 5 желтоқсан, 2025




