Жол-көлік оқиғасынан жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz. Қаза болғандардың арасында елге танымал саңырау спортшылар мен спорт ардагерлері бар екені анықталды.
Бұл қайғылы жағдай Қазақстандағы саңырау спортшылар қауымдастығына ауыр соққы болды. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Ұлттық сурдлимпиялық комитетінің вице-президенті және Жол қауіпсіздігі ассоциациясының президенті Арсен Шакуов хабарлады.
Шакуовтың айтуынша, топ Бішкектен оралып келе жатқан. Онда саңырау футбол ардагерлері арасында турнир өткен. Қаза болғандар арасында:
▪️ Асыл Ибраимов – саңырау спортшыларға арналған футбол жаттықтырушысы;
▪️ Дмитрий Мочальский – сурдлимпиялық чемпион және Еуропа чемпионы (шахмат);
▪️ Сәкен Смағулов, Сергей Волковинский, Серік Молдашев – футбол ардагерлері және саңырау спортшылар арасындағы ұлттық құраманың мүшелері.
«Барлығында артында бала-шағасы, немерелері қалды... Олардың бәрін бала кезімнен танимын, әкемнің ең жақын достары еді... Жандары жәннатта болсын... Иманды болсын!» – деп жазды А.Шакуов.
Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, полиция қылмыстық іс қозғады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





