дүйсенбі, 1 желтоқсан, 2025 16:46

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жеке деректерді қорғау талаптарын бұзғандар 10,6 млн теңге айыппұл төлейді

Жеке деректерді қорғау талаптарын бұзғандар 10,6 млн теңге айыппұл төлейді
Фото: freepik
Қазақстанда банктер мен МҚҰ-ларда деректерді қорғау тексерісі: 69 заңбұзушылық анықталды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ақпараттық қауіпсіздік пен жеке деректерді қорғау талаптарын сақтау бойынша бірқатар банктер мен микроқаржы ұйымдарын тексерді. Бұл туралы вице-премьер – жасанды интеллект министрі Жаслан Мадиев мәлімдеді.

6 желтоқсаннан бері Halyk Bank, Kaspi Bank, ForteBank, Банк ЦентрКредит, Bereke Bank және басқа да қаржы ұйымдары тексерілген. Сондай-ақ KMF, Robocash.kz, CREDIT365 Kazakhstan секілді МҚҰ да бақылауға алынды.

Бұған қоса, ЖИ министрлігі мен ҰҚК мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне де жоспардан тыс тексерулер жүргізді. Оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы жүйелер мен 16 млн азаматтың деректерінің таралуына қатысты жағдай да қаралды.

Жыл басынан бері жеке деректерді қорғау бойынша 69 жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Нәтижесінде 22 заңды және лауазымды тұлғаға 11 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Электрондық құжат және ЭЦҚ туралы заңнаманы бұзғаны үшін 17 жеке тұлға 1,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар