жұма, 28 қараша, 2025 12:22

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Грузияда танымал қазақстандық трансгендер әйел қайтыс болды

Грузияда танымал қазақстандық трансгендер әйел қайтыс болды
instagram.com/Tomika979797
Оның өлімінің нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Грузияда қазақстандық трансгендер әйел Томирис Құсайынова қайтыс болды деп хабарлайды Oimaqnews.kz  sportinside.kz сайтына сілтеме жасап.

Оның өлімінің нақты себебі әзірге жарияланған жоқ.

Марқұмның туыстары мен достары Томиристің денесін Қазақстанға әкелу үшін қаражат жинауды бастады. Бұл ақпаратты ЛГБТ құқықтарын қорғаумен айналысатын халықаралық Medea ұйымы растады.

Ұйым Томиристі Тбилисидегі квир-қауымдастықтың “ең жарқын әрі ең танымал өкілдерінің бірі” деп сипаттады.

«Томирис адамдарды бір-бірімен байланыстыра алатын, түрлі қауымдастықтар арасындағы көпір бола білген ерекше тұлға еді. Оның энергиясы грузин және қазақстандық квир-қауым өкілдерінің арасындағы байланыстарды нығайтуға үлкен ықпал етті», – делінген ұйым мәлімдемесінде.

Сонымен қатар Medea ұйымы Грузия мен Қазақстанда трансгендер адамдарға қатысты кемсітушілік, құқықтарының шектелуі және қауіпсіздік мәселелері әлі де өзекті екенін атап өтті.

«Көптеген трансгендер адамдар қауіпсіздік үшін елден кетуге мәжбүр. Бірақ жаңа ортада да олар зорлық-зомбылыққа, кемсітуге және миграциялық жүйелердің немқұрайлы әрекеттеріне тап болып жатады», – деп хабарлады ұйым.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар