Ninety One тобының әншісі сәбилі болды
Ол қуанышты жаңалығын әлеуметтік парақшасында бөлісті.
Танымал Ninety One тобының белгілі мүшесі Азамат Ашмақын (ACE) қуанышты жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі мен оның жары алғаш рет сәбилі болып, ата-ана атанғандарын мәлім етті.
«Өмірдегі ең маңызды әрі жаңа тарау. Біз ата-ана атандық», - деп жазды ол.