сейсенбі, 25 қараша, 2025 13:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Айканың тізімі": блогер Айканың жазасын өтеуді екі жылға шегерді

"Айканың тізімі":  блогер Айканың жазасын өтеуді екі жылға шегерді
Айканың 2020 жылы туған баласы бар, әрі ол тәртіп бұзбаған, оң мінездемемен сипатталған.

“Элиталық эскорт желісін ұйымдастырды” деген айыппен сотталған блогер Айка жазасын өтеуді екі жылға шегеруге мүмкіндік алды. Бұл кезеңде ол пробациялық бақылауда болады, ал мерзім аяқталған соң жазасын өтеуді жалғастыруы тиіс, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Мұндай шешім Қылмыстық кодекске енгізілген соңғы түзетулерге сәйкес қабылданды. Енді кішкентай баласы бар әйелдерге, егер олардың ісі ауыр санатқа жатпаса, жазаны кейінге қалдыру құқығы берілген. Айканың 2020 жылы туған баласы бар, әрі ол тәртіп бұзбаған, оң мінездемемен сипатталған.

Айка 2023 жылдың маусымында ұсталған болатын. Тергеу дерегінше, ол өзін модель және блогер ретінде таныстырып, “модель бейнелі” қыздарды ауқатты клиенттермен таныстырып отырған. Кейін “Айканың тізімі” деп аталған жоғары лауазымды тұлғалар мен кәсіпкерлердің базасы қоғамда үлкен дау тудырған.

Сот оны психотроптық заттарды аса ірі көлемде сақтау және делдал болу баптары бойынша кінәлі деп танып, 6,5 жыл колонияға қамау жазасын тағайындаған.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар