дүйсенбі, 24 қараша, 2025 16:30

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ ұйымының бас хатшысы қызметінен кетеді

Иманғали Тасмағамбетов ҰҚШҰ ұйымының бас хатшысы қызметінен кетеді
ҰҚШҰ баспасөз қызметі
27 желтоқсанда Бішкекте ұйымға мүше мемлекеттер оның орнына жаңа үміткерді қарастырады

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтың өкілеттік мерзімі аяқталып келеді. 27 желтоқсанда Бішкекте ұйымға мүше мемлекеттер оның орнына жаңа үміткерді қарастырады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Жиында бірқатар маңызды мәселе талқыланбақ: есірткі трафигімен және заңсыз көші-қонмен күрес, аймақтық қауіпсіздік, сондай-ақ Ресей 2026 жылы төрағалық ететін кезеңге арналған басымдықтар. Кездесу қорытындысы бойынша мүше елдер қауіпсіздік саласындағы ортақ ұстанымдарды қамтитын декларация қабылдайды.

Тасмағамбетовтың мансабы мен қызметі
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, қорғаныс министрі және екі астананың (Астана мен Алматы) әкімі болған Иманғали Тасмағамбетов 2023 жылы ОДКБ бас хатшысы қызметіне тағайындалған еді. Оның бұл қызметке келуі кезінде әртүрлі пікір туғызған болатын.

Дау тудырған мәлімдемелер
Биыл көктемде Тасмағамбетов Ресейдің ақпарат құралдарына берген сұхбатында Украинадағы соғысқа қатысты мәлімдемесі үшін Қазақстан қоғамында сынға ұшырады. Кейін ол өз сөзінің бұрмаланғанын айтып, «ешқандай елдің мүддесін қорғап жүрген жоқпын» деп түсініктеме берген.

ҰҚШҰ бас хатшылығына жаңа кандидатура жыл соңына дейін келісіліп, ұйым мүшелерінің ортақ шешімімен бекітіледі.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар