Президент Головкинді жоғары лауазымға сайлануымен құттықтады
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді World Boxing халықаралық федерациясының президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
– Бұл – Геннадий Головкиннің ерен еңбегіне берілген лайықты баға. Даңқты отандасымыз олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқаратын Қазақстанның алғашқы өкілі атанды, – делінген құттықтауда.