Әлеумет

17 жүргізуші мас күйінде ұсталды: 74 автокөлік тұраққа қойылды

Абай облысында арнайы рейд жүрді.

«Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және тәртіпті күшейту бойынша жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Негізгі назар ең қауіпті құқықбұзушылықтардың жолын кесуге бағытталды. Іс-шара барысында мыңнан астам құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде:

• 17 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін ұсталды, олардың екеуі бұрын жүргізу құқығынан айырылғандар.

• 17 жүргізуші — басқару құқығы жоқ күйде көлік жүргізгені үшін,

• 5 жүргізуші — бұрын құқығынан айырылғанына қарамастан қайталап көлік басқарғаны үшін ұсталды.

71 автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Абай облысының полициясы «Заң мен Тәртіп» қағидаттарын жүйелі түрде іске асырып, негізгі бағыттарда бақылауды күшейтуді және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрбір құқықбұзушылықты дер кезінде тосқауылдауды жалғастыруда.