"Біздің үйіміздің гүлі": Төреғали Төреәлі тұңғыш қызы Кәусар туралы айтты
- авторОймақ
- Бүгін, 11:31
- 22
Танымал әнші Төреғали Төреәлі өзінің тұңғыш қызы Кәусар туралы айтып, оған шығарылған әннің тарихын баяндады, – деп хабарлайды Aikyn.kzсайты.
"2016 жыл болуы керек Баян Мақсатқызының "Қазақ аруы" жобасын жүргізгелі тұрмын. Астанада, сахнадамын. Сол кезде телефоныма хат келді. Ол кезде Кәусардың аты Томирис еді. "Томидің диагнозын қойды, ДЦП" деп жазып жіберген. Өзімнің сол кезде жұлдызды сәтім енді басталған, сахнаға шығайын деп тұрмын. Төбемнен су құйып жібергендей болды. Сол хатты оқығаннан кейін сахнаға қалай шықтым, кешті қалай жүргіздім ешнәрсе есімде жоқ. Сол сәттен бастап маған атақ деген қызық емес болып қалды. "Иттің зары Құдайға қабыл болса, аспаннан сүйек-саяқ жауар еді ғой" дегендей өмір мен ойлағандай болмай шықты. Мен қызымды Алланың жіберген сынағы емес, нығметі деп қабылдаймын. Аллаға шүкір, біздің үйіміздің гүлі. Алланың маған берген байлығы да, бақыты да осы қызым үшін беріліп жатқан сияқты", - деді Төреғали Төреәлі.
Осы тұста желі қолданушылары әншіні қолдап түрлі пікір жазды.
"Өзім де солай ойлайтын едім. Осы бақ-дәулеттің барлығын осы үлкен қызы ұстап тұрған шығар деп. Бірақ оны жазып, айту деген мен үшін ауыр болған соң жазбайтын едім. Төреғалидің өзі айтып қалды", "Қыз - нығмет! Қыз - сыйы Алланың", "Ең керемет әке дер едім", - деп жазды олар жарыса.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Ұқсас жаңалықтар
"Қателік – менен": әнші бұрынғы әйелі мен ұлы қабылдамағанын айтты
- авторОймақ
- 21 қараша, 2025





