Саясат

Сырдария ауданының Шаған ауылында табиғи газ қосылды

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Сырдария ауданының Шаған ауылына табиғи газ қосу рәсіміне қатысты. Салтанатты басқосуға құқық қорғау органдарының, жауапты департамент, басқармалардың басшылары, зиялы қауым өкілдері мен ауыл тұрғындары жиналды.
Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерді атап өтіп, шағандықтарды құттықтады.