Экономика

Доллар бағамы көтерілді

17 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 522,19 теңге.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша бір доллардың орташа бағамы 524,14 теңгені құрап, 1,37 теңгеге өсті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Ұлттық банктің 17 қарашаға арналған ресми доллар бағамы – 522,19 теңге.

Kurs.kz сайтының дерегінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде доллардың орташа сатып алу бағамы 524,03 теңге, сату бағамы – 525,86 теңге.

Астанада долларды орташа есеппен 522,5 теңгеге сатып алып, 529,48 теңгеге сатады.

Шымкентте долларды орташа 524,06 теңгеге сатып алып, 526,05 теңгеге сатады.

Еске салайық, 10 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,27 теңгеге төмендеген, 11 қарашада 1,69 теңгеге көтерілген, 12 қарашада 0,61 теңгеге төмендеген, 13 қарашада 0,26 теңгеге төмендеген, 14 қарашада 1,92 теңгеге төмендеген.