Қоғам

"Яна сізді жақсы көрген": сот қатыгез қылмыстың қаншалықты сұмдық болғанын еске салды

Оның табылған сүйектерінің фотосын көрсетті.

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланған соң, судья Зарема Хамидуллина не себепті айыпталушылар Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовке ең ауыр жаза, яғни өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Сот залында судья қыздың сегіз ай өткен соң табылған сүйектерінің фотосын көрсетіп, қатыгез қылмыстың қаншалықты сұмдық болғанын еске салды.

Судьяның айтуынша, айыпталушылардың қылмысты алдын ала жоспарлап, ізін жасыруға тырысқан әрекеттері сотқа жеңілдік жасауға еш негіз қалдырмаған.

Сот барысында Хайржанов марқұмды «әдепсіз өмір салтын ұстанған» деп сипаттауға тырысқан. Алайда судья бұл мәлімдеменің еш дәлелі жоқ екенін айтты.

Сот барысында ұсынылған айыпталушылардың өзара жазысқан хаттары олардың қылмысты алдын ала жоспарлап, оны қатыгездікпен әрі мысқылдай отырып талқылағанын көрсетті.

Судья олардың толық отбасында, жақсы жағдайда өсіп, білім алып, жұмыс істегенін атап өтті.

Сот шешімімен Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов ерекше қауіпсіздік режиміндегі түрмеде өмір бойына бас бостандығынан айырылды.