дүйсенбі, 17 қараша, 2025 17:21

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

"Яна сізді жақсы көрген": сот қатыгез қылмыстың қаншалықты сұмдық болғанын еске салды

"Яна сізді жақсы көрген": сот қатыгез қылмыстың қаншалықты сұмдық болғанын еске салды
Qaz365.kz
Оның табылған сүйектерінің фотосын көрсетті.

Атырауда 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты іс бойынша сот үкімі жарияланған соң, судья Зарема Хамидуллина не себепті айыпталушылар Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимовке ең ауыр жаза, яғни өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалғанын түсіндірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Сот залында судья қыздың сегіз ай өткен соң табылған сүйектерінің фотосын көрсетіп, қатыгез қылмыстың қаншалықты сұмдық болғанын еске салды.

«Міне, Янадан қалғаны осы. Төменгі жақ сүйегі, қолдары, аяқтары мен жамбас бөлігі жоқ. Оның денесін жануарлар жыртып кеткен. Ал денесінің қалған бөлігі қайда? Сол үшін сіздерге заңдағы ең ауыр жаза тағайындалды», – деді Хамидуллина.

Судьяның айтуынша, айыпталушылардың қылмысты алдын ала жоспарлап, ізін жасыруға тырысқан әрекеттері сотқа жеңілдік жасауға еш негіз қалдырмаған.

Сот барысында Хайржанов марқұмды «әдепсіз өмір салтын ұстанған» деп сипаттауға тырысқан. Алайда судья бұл мәлімдеменің еш дәлелі жоқ екенін айтты.

«Яна сізді жақсы көрген. Ал сіз бүгін оны қаралап, өз істеріңізге әлі өкінбегеніңізді көрсетіп отырсыз», – деді судья.

Сот барысында ұсынылған айыпталушылардың өзара жазысқан хаттары олардың қылмысты алдын ала жоспарлап, оны қатыгездікпен әрі мысқылдай отырып талқылағанын көрсетті.

«Бірнеше күн қатарынан сіздер Янаны қалай өлтіру керегін талқыладыңыздар. Құрбанның жағдайы емес, полициядан қалай құтылу жағы ғана сіздерді мазалаған», – деді Хамидуллина.

Судья олардың толық отбасында, жақсы жағдайда өсіп, білім алып, жұмыс істегенін атап өтті.

«Біз бейбіт заманда өмір сүріп жатырмыз. Толық отбасында тәрбиелендіңіздер, жақсы білім алдыңыздар. Сонда да, осынша қатыгездік пен өшпенділік сіздердің бойларыңызда қайдан пайда болғанын түсіне алмаймын. Сот отырысында бірнеше рет ата-аналарыңыз туралы сөз қозғадыңыздар. Ата-ананы сотта емес, қылмысқа дейін ойлау керек еді», – деді судья.

Сот шешімімен Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Катимов ерекше қауіпсіздік режиміндегі түрмеде өмір бойына бас бостандығынан айырылды.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар