Атырауда Яна Легкодимованың өліміне қатысты айыпталушыларға үкім шықты
- авторОймақ
- Бүгін, 12:40
- 27
Атырауда сот 23 жастағы Яна Легкодимованың өліміне қатысты резонанстық іс бойынша айыпталушыларға үкім шығарды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Сот 24 жастағы Ризуан Хайржанов пен 25 жастағы Алтынбек Қатимовты аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін кінәлі деп таныды:
ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша – «Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы кісі өлтіру».
ҚР ҚК 202-бабы 2-бөлігінің 6-тармағы бойынша – «Бөтеннің мүлкін адамдар тобының алдын ала сөз байласуы арқылы қасақана жою».
Айыптардың жиынтығы бойынша сот әрқайсысына ерекше қауіпсіздік режиміндегі мекемеде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Сондай-ақ сот марқұмның анасы Галина Легкодимованың талабын ішінара қанағаттандырды. Айыпталушылар 1 миллион 955 мың теңге мөлшерінде материалдық шығынды және 15 миллион теңгеден моральдық өтемақыны бірлескен тәртіпте өтеуге міндеттелді.
Бұған дейін сотта прокурор екі айыпталушыға да ерекше қауіпсіздік мекемесінде өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді. Осы жазаға марқұмның анасы мен оның өкілі де қолдау білдірген.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






