Абай Бегейдің қызы тұңғышын дүниеге әкелді
Әншінің қызы ұлды болды.
Әнші Абай Бегейдің қызы Сымбат Абайқызы тұңғышын дүниеге әкелді, – деп жазды Oimaqnews.kz
Қуанышты жаңалықты өнер иесінің қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Сүйінші! Бүгін өміріміздің ең тәтті үні естіліп, жер бетіне менің кішкентай ханзадам келді. Құттықтауларыңызды қабылдауға дайынбыз”, – деп жазды ол.
Әншінің қызы ұлды болды.
Естеріңізде болса, былтыр 16 жасында тұрмысқа шыққан ол қоғамда қызу талқыға түскен еді.